«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: РЕЙТИНГ (2012 жылдың қорытындысы бойынша)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген мониторинг нәтижесі бойынша әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне қарай аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың рейтингі айқындалды.

Ішкі өңірлік талдауға және аудандар мен қалалардың рейтингін айқындауға арналған көрсеткіштер мониторингі Мемлекет басшысының 2010 жылғы 12 наурыздағы облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен өткізілген кеңесте берген тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.

Мониторингке әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейі бойынша 23 әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш кіреді, олар өнеркәсіп өнімдерінің табиғи көлемінің индексін, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің табиғи көлемінің индексін, қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісін, туу және өлім-жітім деңгейінің өзгерісін және басқаларды сипаттайды.

2012 жылы әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік рейтингтің нәтижесі бойынша даму серпіні жоғары аудандар мен қалалар тобына Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар, Петропавл қаласы және Уәлиханов ауданы енгізілді;

Даму серпіні орташа топта Тимирязев, Аққайың, Ақжар және Жамбыл аудандары;

Даму серпіні төмен топта Есіл, Шал ақын, Тайынша, М.Жұмабаев және Айыртау аудандары тұр.

2012 жылы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ішкі өңірлік рейтингтің нәтижесі бойынша даму деңгейі жоғары аудандар мен қалалар тобына Петропавл қаласы, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев, Қызылжар және Уәлиханов аудандары енгізілді;

Даму деңгейі орташа топта Аққайың, Мамлют, Ақжар және Тайынша аудандары;

Даму деңгейі төмен топта Жамбыл, Есіл, Айыртау, Шал ақын және М.Жұмабаев аудандары тұр.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp