«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚИҒА ОРНЫНДА ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түнгі 2-лер шамасында қырағылық танытқан Петропавл қаласының тұрғыны ауладағы көлігінің жанында белгісіз ер жігіттің жүргенін байқаған. Машинаның артқы терезесін сындырып, ішіндегісін ұрламақ болған ұрыны көлік иесі өзі тұтқындап алған. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырған.

Шақыртуға келген полиция қызметкерлері ауладағы тағы бір әйнегі сынған көлікті тауып, оны да осы қаскөйдің ішінен өзіне құнды зат алып шықпақ ниетпен сындырғандығын анықтаған. Алайда, екі көліктен де ішінен құнды ештеңе таппаған оны тәртіп сақшылары Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғау жағы қарастырылуда.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp