«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Петропавл қаласы 2013 жылғы 20 тамыз №281
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
“Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін сенiмгерлiкпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы” 2012 жылғы 23 ақпандағы №41 (2012 жылғы 29 наурыздағы №36 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1797 тіркелді);
“Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы” 2012 жылғы 14 тамыздағы №221 (2012 жылғы 29 қыркүйектегі №116 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1869 тіркелді).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.ЕСКЕНДІРОВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp