«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙДЕН ЛАШЫҚ АРТЫҚ КӨРІНІП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары үш тәулік із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған екі баланы тапты.

14 пен 9 жастағы балалар үш күннен астам уақыт бойы ата-аналарынан жасырынып жүрген. Ал ата-аналары балаларының жоғалып кеткендіктерін тек үш күн өткеннен кейін ғана барып білген. Кейін Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасына келіп, ұлдары мен қыздарының ізім-қайым жоқ болып кеткендерін хабарлаған. Қалалық басқармада із-түзсіз жоғалғандарды іздеп табу мақсатында криминалдық іздестіру мен ювеналдық полицияның қызметкерлерінен құрылған топтар жасақталып, іздеу шаралары басталып кетті. Сондай-ақ қыз бен ұлды тауып алуға Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының жеке құрамы, жол сақшылары мен барлық автопатрульдер жұмылдырылды.

Балалардың фотосуреттері бар парақшаны көрген облыс орталығының компьютер клубының қызметкері оларды байқап қалып, “102” телефон нөміріне хабарлаған. Жақын маңдағы жол сақшылары аталған мекенжай бойынша келіп, балаларды Ішкі істер басқармасына жеткізіп, тамақтандырған. Кейін олар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қолына тапсырылды. Қазіргі таңда жасөспірімдер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ата-аналарына қатысты материалдар жиналып, оларды құқықтарынан айыру мәселесі қарастырылуда. Балалардың айтуы бойынша, олар осы уақыт бойы қолдан жасаған лашықта тұрып келген екен.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp