«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕНІН МОЙЫНДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің жұбайын өлтірді деген күдікпен вокзал маңында тұтқындалды. Күдікті әйелдің тәртіп сақшыларына берген жауабы бойынша адам өлтіргеннен кейін ол киім-кешектерін жинап, қаладан кетуге бел байлаған көрінеді.

60 жастағы азаматтың мүрдесін ұлы тауып алған. Ол ата-аналарының тәулік бойы байланысқа неге шықпай жатқандығын білмек болып, мазаланып келген екен. Анықталғандай, оның мазалануы бекер болмай шықты. Үй ішіндегі ойран мен шашылған шөлмектер ішімдік ішілген отырыс болғанын бірден байқатқан. Азаматтың мойын тұсынан салынған пышақ жарақатынан мерт болғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері жасалған қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен жәбірленушінің зайыбын тұтқындады. Ол ауылда тұратын туыстарына жол жүріп бара жатқан жерінен қамауға алынды. 55 жастағы күдікті өзінің жасалған қылмысқа қатысы барын жасырмай, күйеуін өлтіргенін бірден мойындады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp