«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек заңнамасын сақтамаған мекеме анықталды. Ол Ішкі істер департаменті мен Көші-қон полициясының бірлесе атқарған жұмысының арқасында әшкереленді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы ағаш көмірін шығаратын мекемеде еңбек пен көші-қон заңнамасы сақталмай келген.  

Жедел іздестіру шарасы барысында М.Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының маңында орналасқан ағаш көмірін жасайтын шағын цех тексерілді. Мекемеде 11 жұмысшы қызмет етіп келген екен. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары, жақын маңдағы орналасқан ауыл тұрғындары болып шықты.  

Тексеру барысында аталмыш орында еңбек етіп келе жатқан азаматтардың бірінде де еңбек келісімшарты не санитарлық кітапшалары жоқ екендігі белгілі болды.

Жұмысшылардың біреуінің жеке құжаттарының мүлдем болмағандығы анықталды. Мекеме қожайыны болса жұмысқа келіп кетушілердің көп екенін, сондықтан келісімшарт бірден жасалмағандығын айтып ақталумен болды. Нәтижесінде құжаты жоқ жігіт Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының қабылдап-бөлу бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері одан жауап алып, оның қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp