«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда белсенді жастар облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың кубогы үшін шағын футболдан өзара сынға түсті. Сайыс барысында үздік атанбақ ниетпен алаңға “Кекушинкай каратэ”, “Қалалық классикалық гимназия”, “Жас Отан” ЖҚ, “Жасыл ел” және ұйымдастырушылар құрамасы шықты.

Бір күнге созылған бәсекелі дода қорытындысы бойынша “Жасыл ел” құрамасының шеберлері қарсыластарынан басым түсіп, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ауыспалы кубогын жеңіп алды. Ал өзге қатысушылар спорттық құрал-жабдықтармен марапатталды.

Жарыстың өткізілуіне бастамашы болған облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма алдағы уақытта өңір жастары арасында стритворкауттан сайыс ұйымдастырмақ.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp