«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ КОМИТЕТІ ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СевКазЭнерго” АҚ-ның мәжіліс залында жергілікті энергетиктер облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың өкілдерімен кездесті. Аталмыш шараға өңірлік жастар ұйымдарының мүшелері де қатысты.

Шара барысында басқарма өкілдері “СевКазЭнерго” АҚ-ның жас мамандарымен әңгіме-дүкен жүргізіп, облысымыздың ең ірі энергетикалық кәсіпорындарында жастар ісі жөніндегі комитет құру қажеттігі жайында сөз қозғады.

Бүгінде компанияда 758 жас жұмыс істеп жүр. Бұл – барлық қызметкерлердің 30,5 пайызы. Жас мамандардың дені – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, Омбы мемлекеттік жол қатынастары университетін, Петропавл темір жол көлігі колледжін тамамдаған түлектер. Компанияда кейіннен басшылық лауазымдарға жылжыту үшін кадрлық резерв құрылып, оған 83 жас іріктелген.

Кездесуде энергетиктер жастар ісі жөніндегі комитет туралы мол мағлұмат алып, оның мақсат-міндетімен танысты. Шараға қатысушылар компанияда осындай комитет құруға бірауыздан дауыс берді. “СевКаз-Энерго” АҚ-ның қаржы ісі бойынша экономисі Олеся Солдатенко жаңа комитеттің төрайымы болып сайланды.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp