«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚЫРКҮЙЕК БОЙЫ САТЫП АЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2013 жылғы қыркүйектің 1-нен 30-ын қоса алған мерзім аралығында заңсыз сақталып жатқан атыс қаруларын, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды тұрғындардан сатып алу бойынша акция өткізеді. 

Акцияның бір ерекшелігі – тұрғындар тіркелмеген атыс қаруларын, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады. Өткізіліп отырған шараның басты мақсаты облыс аумағындағы қылмыстық жағдайды бірқалыпты жағдайда ұстап, тіркелмеген қарулардың санын азайту болып табылады.

Марапаттау мөлшерін анықтау кезінде комиссия қарулану құралдарының техникалық жағдайын 3 санат бойынша есептейді. Бірінші санаттағы қаруларға пайдалануда болған және техникалық ақауы жоқ немесе пайдалануда болған және көрінетін яки жасырын ақауы жоқ, тауар түрін жоғалтқан қару жатады. Аталған санаттағы тапсырған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы есебінен жүргізіледі.

Ал екінші санатқа жатқызылған қаруларға пайдалануда болмаған немесе пайдаланылған, жеке техникалық ақауы яки тауар түрінің кемшіліктері бар, оның әрі қарай пайдалануға кедергі келтірмейтін, жоюды талап етпейтін немесе жөндеу жолымен жойылған, алмастыру яки түйіндер мен механизмдерді қалпына келтіру қажет емес қару. Бұл топқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 70%-ы есебінен жүргізіледі.

Үшінші санатқа жататын қарулар негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады. 3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30%-ы есебінен жүргізіледі.

Заңсыз қаруды тапсырып, кез келген аумақтық ішкі істер органдарында ақша алуға болады. ІІМ анықталған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешбір әрекеттерді жүзеге асырмауды, оларды тасымалдамауды, 102 немесе мобильді телефоннан 112 нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұрайды. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш затты тапсыру бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады:

М.Жұмабаев к-сі, 118-112, СҚО ІІД Петропавл қ. ІІБ Лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесі немесе мына телефон бойынша біле аласыздар 39-48-66.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp