«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРШЫ АЛАҢДА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында “Денсаулық күні” спорттық шарасы болып өтті. 29 команда, 260 мемлекеттік қызметші жеңіл атлетикадан жарысқа қатысты.  

Сайыс бағдарламасы бойынша қыздар – 60, ал ерлер 100 метрге жүгіру, 4х60 метр эстафета және қыздар – 800, ал ерлер 1500 метрге жаппай жүгіру жарыстарына қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінді.

Додада облыстық ТЖД-нің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” құрама командасы жүлделі бірінші орынды еншілесе, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Салық департаменттері екінші және үшінші орындарға табан тіреді.

Сайыс аяқталысымен жеңіске жеткендер медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp