«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ аудандарда болып қайтты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының орындалу барысын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудандарда болып, жұртшылықпен кездесіп қайтты.

Топтың мүшелері, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Р. Есеналин мен “Тұрғын-үй жинақ банкі” АҚ-ның өңірлік филиалының сектор меңгерушісі М. Бариева Есіл ауданында жиналған жұртшылыққа “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының орындалу барысы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі туралы айтып берді.

Ал Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е. Мезева, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Иванищев, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы К.Оспанов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Ко М. Жұмабаев ауданында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізді. Олар 200-ге жуық тұрғынмен кездесіп, жұртшылықты толғандырған мәселелер бойынша әңгіме өрбітті. Онда несиелік тұрғын үй алу, жол мәселесі, денсаулық сақтау жүйесі сияқты тақырыптар қозғалды.

Ал Жамбыл ауданына аттанған ақпараттық-насихат тобының мүшелері Архангелка, Пресновка, Буденный ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

(Өз тілшімізден). 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp