«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімінің күші жойылды деп тану туралы (Бесінші шақырылымның XVIІI сессиясы)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Петропавл қаласы 2013 жылғы16 тамыз №18/12

“Нормативтік-құқықтық актілер туралы” 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1. “Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешім қабылдау Ережелері туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №20/10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 22 қаңтарда №1739 тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпандағы “Солтүстік Қазақстан” газетінде, 2010 жылғы 6 ақпандағы “Северный Казахстан” газеттерінде жарияланған).

2. Шешімнің көшірмесін нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне сәйкес жазулар енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберілсін.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XVІII сессиясының төрайымы С. КАШЕНЦЕВА.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың

хатшысы Қ. ЕДІРЕСОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp