«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ көкейкесті сауалдарға жауап берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ІІД-нің сайтында Көші-қон полициясы жұмысының негізгі бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өтті. Интернет желісін пайдаланушылардың сұрақтарына Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Көші-қон басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркетай Тұтқышев жауап берді.

Конференция барысында Интернет желісін пайдаланушылар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға рұқсат беруді рәсімдеу тәртібі, жеке куәлігін, төлқұжатын жоғалтқан жағдайда не істеу керектігі, азаматтарды тіркеу кітабы туралы және тағы басқа мәселелер төңірегіндегі сұрақтарына нақты жауап алды. Сондай-ақ аталмыш мәселелерді шешу үшін қай мекемелерге бару қажеттігі түсіндіріліп берілді.  

Жыл басынан бері облыстық ІІД-нің сайтында полиция бөлімшелерінің қатысуымен 10 Интернет-конференция өткізілген. Тәжірибе көрсеткеніндей, Интернет желісін пайдаланушылар сұрақтарын көбінесе жол және көші-қон полицейлеріне қояды.

Облыстық ІІД-нің сайтында өңірдің бас полицейі Мұрат Ұрұмхановтың жеке блогы және “Кері байланыс” бөлімі жұмыс істейді.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp