«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫН ҚҰТҚАРҒАНЫМЕН, ӨЗІ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 453 өрт болып, одан 220 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 33 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма алты адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Түн ортасында Петропавл қаласындағы Копай шағынауданында жеке тұрғын үйде өрт шығып, 35 жастағы облыс тұрғыны қаза тапты. Белгілі болғанындай, баспана иесінің 10 жасар қызы түтін иісін сезіп, әкесін оятқан. Баласын терезе арқылы сыртқа шығарып, аман алып қалған азамат кейін өзі шыға алмай, ажал құшты. Тілсіз жаудың кінәсінен бетін, арқасын және ішін 3-ші дәрежелі күйік шалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына жеткен жергілікті өрт жасағы тілсіз жауға тосқауыл қойды. Бір сағаттың ішінде өртті оқшаулап, таңғы сағат сегізде сөндірді. Тергеушілердің болжауынша, өрттің шығуына белгісіздердің отпен ойнауы себеп болған.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылында төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы екі бөлмелі пәтер отқа оранды. Төтенше жағдайдың орын алуына газ баллонын қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы себеп болған. Сөйтіп, газ-ауа қоспасы тұтанып, орын алған өрт тоңазытқышты, электр есептегішті зақымдап, 54 жастағы пәтер иесінің беті мен қолдарын күйік шалды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен соң жапа шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.

Облыс орталығының Мопровская көшесі бойында орын тепкен тұрғын үйдің ауласындағы қора-қопсыны өрт шарпыды. Төтенше жағдай темекі шегу барысында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан орын алған. От болса шатыр мен қабырғаларды зақымдап үлгерді.

Дәл осындай оқиға Тимирязев ауданының Дзерджинское ауылында тіркелді. Бұл жерде шыққан өрттің салдарынан ауыл тұрғынының 2 тонна шөбі күлге айналды.

Ал М.Жұмабаев ауданындағы “Новосібір-Челябі” тас жолы учаскесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан “BMW- 318” автокөлігі отқа оранды. Абырой болғанда ешкім жапа шеккен жоқ.

ТЖД мамандары өрт оқиғасы орын алған жағдайда “101” және “112” нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp