«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚ АУЛАЙМЫН ДЕП БАТЫП КЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері 31 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның бесеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары 111 адамды құтқарса, оның 35-і бала еді.

Өткен аптада облыстың су айдындарынан 5 адам құтқарылса, олардың біреуі – бала.Төтенше жағдайлардың үшеуі – Петропавл қаласында, ал екеуі “Учитель” саяжайының маңындағы Есіл өзенінде тіркелді. Жағажайда кезекшілікте жүрген құтқару қызметінің мамандары ащы суды сіміріп алып, суға түскен екі азаматты және 10 жасар баланы өлім аузынан аман алып қалды.

Өкінішке қарай, өткен апта қайғылы оқиғасыз болған жоқ. Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында қазаншұңқырда балық аулаған 53 жастағы ер адам абайсыздықтан ажал құшты. Облыстық ТЖД-нің суда құтқару қызметінің мамандары марқұмның мәйітін жағаға алып шықты.

Құтқарушы мамандар терең және ағысы қатты жерлерде суға түсу, мас күйде суға шомылу адам өміріне қауіпті екендігін ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp