«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСАЙ БЕР, АТА ЗАҢЫМ, ЖАСАМПАЗЫМ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ата Заң, сенің күнің бұл –
ұлық шақ,
Тұрасың алтын Айдың
нұрына ұқсап.
Арманы ата-баба орындалып,
Күніміз туған кез ғой бүгін,
ұқсақ.

Бабалар жеңген заман бекінісін
Арайлы осы күнге жету үшін.
Жуылған аталардың
қаныменен
Сен – бүгін Тәуелсіздік
кепілісің.


Елімнің дамығанын көз көрулі,
Таңдаған жаңаруды, өзгеруді.
Егемен Отанымның тірегісің
Жеткізген өз аузыма
өз қолымды.

Мақтанам туған Отан,
ерікті елмен,
Теңестік төрі биік
серіктермен.
Аспанда – Қазақстан абыройы
Тағдырын Кемеңгерге
сеніп берген.

Көзіме өткен күндер елестейді,
Бүгінге олар өлшем емес мейлі.
Қазіргі Қазақстан қадамына
Бұрынғы қанша ғасыр
теңеспейді.

Ата Заң – ел құрметі,
мақтаны да,
Адамға қызметін атқаруда.
Алаңсыз бүгіні мен болашағы
Түзілген толығымен
баптарында.

Бастауы болашақтың
нұр-көшінің,
Тірегі тәуелсіз ел іргесінің.
Шыр етіп дүниеге
келген күннен
Қорғаны азаматтың мүддесінің.

Кемел жол, келешегін
нұрлы елімнің
Мен де бір мақтан тұтып
жүрген ұлмын.
Жасай бер, Ата Заңым,
жасампазым,
Арқауы жаңару мен гүлденудің!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp