«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-шілдеде бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 72499 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 шілдеге облыс тұрғындарының саны 578,1 мың адамды құрады, соның ішінде 240,5 мың адам (41,6%) – қалалық, 337,6 мың адам (58,4%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда жаңа туған 4111 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 2,9%-ға кем болды, 3949 шетінеу (1%-ға кем), 1917 некелесу, 968 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-шілдеде бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 72499 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 10,4%-ға және 75145 теңгеге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 1,4% және 3,7%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-шілдеде 479,7 АҚШ долларын немесе 365,4 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-шілдеде 2012 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 15,1%-ға, өнеркәсіпте – 18,1%-ға, құрылыста – 10,6%-ға, көлік және қоймалауда – 9,5%-ға, ақпарат және байланыста 15,1%-ға өсті.  

Өнеркәсіпте жалақы 71940 теңгені құрады, құрылыста – 69042 теңге, саудада – 58012 теңге, көлік және қоймалауда – 103068 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы шілде айының соңына 1578 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5%-ды құрады. 2013 жылы қаңтар-шілдеде 6786 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдіргендердің 95%-ы.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2013 жылғы шілдеде 16724 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,4%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 10035 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,1%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 1,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 1,2%-ға, ақылы қызметтерге – 3,5%-ға өсті.

2013 жылғы шілдеде бағалардың алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 1,4%-ға, балық және теңіз өнімдеріне – 0,4%-ға, жеміс және көкөністерге 0,3%-ға көтерілгені байқалған. Жұмыртқа 6,5%-ға арзандады.

Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 1,2%-ға, тұрғын үйді ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу материалдары – 0,6%-ға, жуу және тазалау құралдары – 0,3%-ға, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника – 0,2%-ға қымбаттады. Киім және аяқкиімнің жекеленген түрлеріне, фармацевтикалық өнімдерге бағалар 0,1%-ға өсті.

Салт-жора қызметтері – 2%-ға, қонақүй қызметтері 1,1%-ға қымбаттады. Көлік қызметтері 0,7%-ға көтерілді, оның ішінде темір жол көлігімен жол жүру – 3,7%-ға. Демалыс, көңіл көтеру және мәдениет саласындағы қызметтерге бағалар өсімі 0,1%-ды құрады.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp