«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ хақында пікір алысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Конституция күні қарсаңында Петропавл қаласында “Қазақстан Конституциясы – халық бірлігінің негізі” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Жиынға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері мен жастар Ата Заңның маңызды тұстарын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

1995 жылы жалпыхалықтық референдумға қатысқан 3 миллион қазақстандық 30 мыңнан астам өтініш-тілектерін білдіріп, еліміздің Ата Заңын қабылдаған болатын. Өз қалауын еркін білдіргендердің арқасында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық дамуының демократиялық қағидаттары айқындалып, елімізді одан әрі табысты дамытудың жолдары сараланды.

Шараға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Кенжеғозинов пен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Заңтану” кафедрасының доценті Гүлбақша Мұсабаева бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұратындығын, ал Конституция солардың барлығының бірлігін айғақтайтындығын тілге тиек етті.

– Негізгі Заң – егемен мемлекетіміздің дамуына жол ашқан тарихи маңызды құжат. Елбасының салиқалы саясатының арқасында жиырма жылда Қазақстан экономикасы өрлеп, келешегі зор, жас та болса, қуатты мемлекетке айналып келеді. Конституция мәртебелі болуы үшін Ата Заңда жазылған міндеттерді, қағидаларды орындау қажет. Сондықтан да осындай шараларды өткізудің еліміз үшін маңызы зор, – десті олар.

“Дөңгелек үстел” соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp