«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫ МҰРАҒАТ ЖАСАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен өңірдің мұрағат саласын ақпараттандыруға 14 млн. теңге бөлінген болатын. Осы қаржыға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты (СҚММ) тарихи құжаттарының электронды мұрағатының (ТҚЭМ) жобасы жасалып, іске асырылды. Жуырда жобаны жүзеге асырған және бағдарламамен қамтамасыз еткен «Интегро Север» ЖШС және СҚММ басшылары электронды мұрағатты пайдалануға беру туралы хаттамаға қол қойды.

ТҚЭМ сканерлеуге және қағаздағы құжаттардың цифрлі көшірмесін жасайтын, оларды цифрлы форматта сақтауға және ақпаратты қайтадан өндіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтардан тұрады. Бүгінгі таңда электронды мұрағатта көлемі 2 террабайттан тұратын жинақтағыш-сервер, желілі процессорлар, штрихкодты түсіруге арналған жабдықтар және сканерлер іске қосылған. Мемлекеттік мұрағатта ішкі желі орнатылып, серверлі бөлме жабдықталған. Соған орай құжаттарды сканерлеу және олардың электронды көшірмелерін серверлік жабдықтарға жию жұмысы жүргізілуде.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp