«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛІП, ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕНДЕР өз елдеріне қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 17707 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Оның 594-і – алыс шетелден келген азаматтар. 

Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған 2745 шетел азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 394-бабының 3-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 75 азамат сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Сот шешімін орындамаған 17 адам жауапқа тартылды. Полицейлер алимент төлеуден жалтарып жүрген 48 азамат пен іздеуде жүрген 437 қарызгерді анықтады.

Мұнымен қатар заң талаптарын сақтамаған 384 Қазақстан азаматы айыппұл төледі. Шетелдік жұмыс күшін пайдалану тәртібін бұзған қазақстандық 28 жұмыс беруші де жазаланды. Қазақстанда тұру құжаты жоқ азаматтарға көмек көрсеткен 2573 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамауға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған.

Мысалы, шілде айының соңында Ішкі істер департаменті мен Көші-қон полициясының бірлесе жүргізген рейдтік тексеріс барысында Тимирязев ауданындағы серіктестіктердің бірінде еңбек заңнамасы сақталмағаны анықталды. Онда Өзбекстан елінің 5 азаматы рұқсатсыз еңбек етіп келген.  

Өзбекстан Республикасының тағы 15 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылындағы жергілікті серіктестікте заңсыз түрде құрылысшылықпен айналысқан.

Ел аумағында заңсыз жұмысқа орналасқандардың әрқайсысына 25 АЕК көлемінде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Ал жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ал өзінде жеке куәлігі болмаған өзбекстандық азамат облыстық ІІД-нің қабылдап-орналастыру пунктіне жеткізілді.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp