«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕГІ ОТБАСЫЛАР ҚҰРАМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жыл басына үй шаруашылықтарындағы әйелдердің орташа саны 1,6 адамды, ерлердің орташа саны – 1,3, балалардың орташа саны 0,7 адамды құрады.

660 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша 2013 жыл басына үй шаруашылықтарының орташа мөлшері 2,9 адамды, қалалық жерде – 2,7 және ауылдарда 3,1 адамды құрады.

Зерттелген үй шаруашылықтарының 29,7%-ы 2 адамнан, 23,2 – 3 адамнан, 20,4 – 4 адамнан, 14,7 – 1 адамнан, 12%-ы 5 және одан да көп адамнан тұрады.

Жалғызбасты адамдар тұратын үй шаруашылықтарының саны 14,7%-ды, балаларсыз ересектер – 40,9, 18 жасқа дейінгі балалары барлар 44,4%-ды құрады.

Үй шаруашылықтарының жалпы санынан балалары мен жалғызбасты отбасы 11%, екі ересек адам – 53,5, үш және одан артық ересек адам тұратын отбасы 35,5%-ды құрады.

Құрамында 18 жасқа дейінгі 1 баласы бар отбасылар саны 50,8%, 2 балалы – 37,5, 3 балалы – 8,9, 4 және одан артық баласы бар отбасылар – 2,8%.

Үй шаруашылықтарының жалпы санынан жалғызбасты балалы отбасыларының 59,5%-ында бір бала, 30,9%-ында екі бала, 2,9%-ында үш бала, 6,7%-ында төрт бала бар.

Ер адамдардың санында 23,2%-ы 15 жасқа дейінгілер, 19,2 – 15-тен 29 жасқа дейінгілер, 29,1 – 29-дан 49-ға дейінгілер, 18,2 – 49-дан 63-ке дейінгілер, 10,3%-ы – 63 және одан жоғары жастан асқандар. Әйелдердің 15 жасқа дейінгілері 18,3%-ы, 15-тен 29-ға дейін – 17,3%-ы, 29-дан 49-ға дейін 28,5%-ы, 49-дан 58-ге дейін 13,2%-ы, 58 және одан жоғары жастағылар 22,7%-ды құрайды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp