«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1 қыркүйек – Білім күні

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – тамаша да шын мәніндегі жалпыхалықтық мереке! Бұл күні 7,4 мың солтүстікқазақстандық бүлдіршін үшін алғашқы қоңырау соғылып, олардың өміріндегі қызықты кездесулер мен ғажайып жаңалықтарға толы жаңа кезең басталады.

Бүгінде отандық білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарында тұр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек”, – деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда білім ғана табысты мансап пен жайлы өмірге берік негіз бола алады. Технологиялар деңгейінің қарқынды өсуі, ғылымды қажетсінетін салалардың дамуы, инновациялық әдіс-тәсілдер – осының барлығы үздіксіз оқуды және кәсіби дағдыны ұдайы жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік биліктің күш-жігері және Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық қоғамдастығының белсенді ұстанымының арқасында сапалы және қолжетімді білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын саланы қаржыландыру көлемі артып, материалдық-техникалық база жетілдірілуде, оқытудың осызаманғы технологиялары енгізілуде. 3-6 жастағы бүлдіршіндерді тәрбие берумен және оқытумен қамтыған мектепке дейінгі білім ұйымдарының жүйесі дамуда және жетілдірілуде. Облыс орталығында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы республикалық олимпиадада біздің оқушыларымыз 20 медальға ие болды.

Осы үрдісті сақтау және дамыту біздің ортақ міндетіміз екені сөзсіз.

Білім мерекесі күні барлық мектеп оқушыларына, студенттерге, оқытушылар мен ұстаздарға, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына сәтті де қызықты оқу жылын тілеймін! Баршаңыздың көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жете беріңіздер!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp