«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙРЫҚША МАҚТАН ТҰТАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Райхан ӘБДІРАХМАНОВА,
облыстық мәслихат депутаты, Халық банкі жинақтаушы
зейнетақы қорының СҚО филиалының директоры.

Тәуелсіздік таңы атқанда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан өзінің Конституциясын қабылдағаны барлығымыздың есімізде. Бұл дербес жолдың басы ғана еді. Мәселелер жетістікке қарағанда көп болатын. Бірақ біз жас мемлекетіміздің Ата Заңын қабылдауына қатысып жатқанымызды мақтан тұтып, бұл сәттің тарихи маңыздылығын түсіндік.

Мен, өзім тұстас қазақстандықтар сияқты, ол кезді әрдайым жадымда сақтаймын. Бір жолы Малайзия елінде такси жүргізушімен болған әңгімемді жиі есіме аламын.  

– Сіз Қазақстаннансыз ба? – деп менен ол қайталап тағы бір сұрады. – Еліңізде халық саны қанша?

– 16 млн.-нан астам, – деп жауап бердім мен.

– Сондай үлкен аумақта халық саны сондай аз ба?! – деген таңданысын жасыра алмады такси жүргізушісі.

– Ал Малайзияда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді? – деп сұрадым мен.

– Он шақты, – деді ол.  

– Ал бізде олар көп: 130! – деп мақтанышпен айттым мен.

Оның таңданысында шек болмады.

Міне, біздің еліміз осындай! Біз көптеген этнос өкілдері үшін Қазақстан туған үйлеріндей екендігіне бойымыз әлдеқашан үйренген. Бұл еліміздің ұлы жетістігі.

1995 жылы референдумда қазақстандықтар қабылдаған Ата Заң Қазақстанның тұрақты және үдемелі дамуының негізін салды. Конституция терең әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси қайта құрудан тұратын ұзақ жолдан өтуге көмектесті.

1995 жылғы Конституцияның негізіне алынған мемлекетті басқару жүйесі реформаларды қарқынды жүзеге асыруға ықпал етті. Елге қажетті заңдар уақытында қабылданды. Конституциялық нормаларға негізделген саяси тұрақтылық Қазақстанның экономикасын сыртқы инвесторларға тартымды етті. Қазақстанның тұрақты және серпінді дамуы ел ұстанымын халықаралық аренада да нығайта түсті. Республика халықаралық қоғамдастықтың беделді және сыйлы мүшелерінің бірі болды. Конституциялық нормалар бұқаралық ақпарат құралдарының әр алуан болуына мүмкіндік беріп, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың қанат қағуына септесті.

Конституцияда бекітілген мемлекеттің үлгісі өзін толық ақтады. Соның арқасында елде президенттік институт нәтижелі жұмыс істеп, қос палаталы Парламент, Үкімет, конституциялық бақылау органы – Конституциялық Кеңес және өзге мемлекеттік органдар қызмет етуде.

Конституциялық құрылысты қорғауда президенттік басқаруға ие Мемлекет басшысы, жоғары лауазымды тұлға, Конституцияның кепілі болып табылатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерекше.

Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде мемлекеттің барлық салаларында ауқымды серпіліс жасады. Біздің еліміз “ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы” болатын демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде өзін орнықтырды.

Қазіргі Конституциямыз құрған үлгіміз толеранттылықты сақтауға ұмтылуға, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруге негізделген. Мемлекет басшысы әрдайым халықтар достығын сақтауға шақырады. Қоғамда өзара толеранттылық және келісім дәнін егу үшін өзінің жеке беделін пайдаланады. Оның бастамасымен біздің республикада Қазақстан халқы Ассамблеясын қоса есептегенде этноконфессиялық келісімнің тұтастай инфрақұрылымы құрылды. Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтетін қасиетті орынға айналды.

Елбасы күш-жігерінің арқасында Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігі халықаралық аренада еліміздің басты белгісіне айналып отыр.

Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өзінің өміршеңдігін, тұрақтылығын, функционалдығын және белгілі бір дәрежедегі икемділігін дәлелдеді. Оның ережесі барлық халықаралық стандарттарға және қазіргі кезеңдегі қоғам мен мемлекет дамуының негізгі үрдісіне сай.

Ата Заңның барлық баптарынан Конституцияның тиімділігінің басты өлшемі болып табылатын жоғары биліктің, мемлекет пен қоғамның ұдайы үдей түскен күш-жігері айқын аңғарылады. Президенттің бағытымен және халықтың ерік-жігерінің бірлігін қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, сонымен қатар көзделген өзгерістердің үдемелі жүзеге асырылуы паш етеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp