«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтаулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

Негізгі Заңның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді, әлеуметтік-экономикалық жаңарудың ойдағыдай жүргізілуінің бағдарына айналды.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – Отанымыздың ойдағыдай дамуы мен гүлденуінің басты қайнары”, – деп айрықша атап көрсетті.

Бүгіндері Конституция нормалары қазақстандықтардың күнделікті өмірінде нық орнығуда. Біз Негізгі Заңның ережелеріне сүйене отырып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға, жеке тұлғаның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасауға, әрбір адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға, ең алдымен, индустриялық-инновациялық дамуға және жаңа әлеуметтік саясатты баянды етуге бағытталған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі аса маңызды міндеттерді қойып отыр.  

Біздің Солтүстік Қазақстан облысының әлеуеті орасан зор және ол ең батыл жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қабілетті. Солтүстікқазақстандықтар өздерінің болашағына сенімді және бұл ретте еліміздің Конституциясы сенімділік пен одан әрі ілгерілеушіліктің нық кепілі болып табылады.

Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз, өзіміздің конституциялық құқықтарымызды білуіміз және конституциялық міндеттерімізді қастер тұта орындауымыз қажет.

Қымбатты жерлестер!

Тәуелсіздік жылдарында Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша егемен Қазақстанның көркеюінің басты шарты болып қала береді.

Конституцияны бұлжытпай басшылыққа алу – мемлекеттің ойдағыдай дамуының, қазіргі заманның жаңа сындарына тиімді жауап берудің, қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі.

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp