«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЫЗҒЫМАСТАЙ МӘҢГІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сергей ХУДЯКОВ,
“Облыстық азаматтық альянс қауымдастығы”
заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.

Қазақстанның төл Конституциясына баршамыз қанықпыз, бұл ұғымның санамызға сіңіп қалғанына да қыруар уақыт өтті. Алайда, тіпті мына келе жатқан мерекенің қарсаңында болсын әрдайым бұлай болмағаны және озық ойлы ел азаматтарының бұл құжатты қабылдау үшін күреске түсулеріне тура келгені жайында бәріміз бірдей ойлана бермейміз. Азаматтар құқығын орнықтыратын, азаматтардың және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын реттейтін осы маңызды құжатты замандастарымыз қашаннан бергі тірегіндей көреді.

Конституция мызғымастай болып қалыптасқандықтан, оны қоғам өмірінің қайсыбір саласында белгілі бір сәтте орын алған жағдайға байланысты әншейін өзгерте беруге болмайды. Қабылданған, жазылып жатқан және одан әріде дайындалатын барлық заңдар азаматтардың негізгі құқығын бұзбауы керек. Міне, сондықтан да ең басты тұжырымдары Конституцияда жазылған.

Егер қазіргі әлемдегі жағдайға назар аударатын болсақ, азаматтары елінің басты құжатының негізгі ережелерін өзгертуге әрекет етіп жатқан елдерде тұрақсыздықтың байқалып отырғанын көреміз. Айталық, Египетте қазір зайырлы немесе діни мемлекеттік құрылым түрі үшін күрес жүріп жатыр. Екі қарама-қайшы бағыттағы күштер тіресуде, ал оның соңы қайғылы зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін.

Әрине, Конституцияда өзгерістер болуы мүмкін, оған қазіргі жүріп жатқан жаһандану үрдістері де ықпал етпей қоймайды. Алайда, бұл өзгерістер жұртшылықты тікелей қатыстыра отырып, кең талқылаудан өткен соң жасалуы тиіс. Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан Конституциясы қабылданған кезде құжатты талқылау циклдары өтті. Оны жасауға тартылған сарапшылардың бағалауы бойынша біздің Конституциямыз ТМД кеңістігінде ең таңдаулылары мен озықтарының бірі болды.

Өзім жергілікті өзін-өзі басқару мәселесімен айналысатындықтан, мен үшін Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілгені өте маңызды. Қазақстан өткен жылы осы бағытта нық қадам жасай бастады. Еліміздің даму стратегиясында осындай маңызды мәселеге лайықты орын берілгені құптарлық жай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp