«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГІН ЖИНАУ ҚЫЗА БАСТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша өңір диқандары 2 қыркүйекке дейін 3573,5 мың гектар дәнді дақылдар егістігінің 602,1 мың гектарын немесе 16,9 пайызын дестеге түсірді. Бүгінде егін ору жұмыстарымен барлығы 1127 техника айналысуда, оның 634-і комбайндар және 493-і – тіркемелі жаткалар. Бұл жұмыста Қызылжар, Мамлют, М.Жұмабаев, Айыртау, Есіл аудандары біршама ширақ қимыл танытуда.

Астықтың жылдағыдан бірер аптаға кеш пісуі және өткен тамыз айының соңғы күндерінің өте жауын-шашынды болуы себепті әзірге 3,8 пайыз алқаптың ғана астығы бастырылды. Атап айтқанда, 134,0 мың гектардың дәні орылып, облыс қырмандарына 184,4 мың тонна жаңа орақтың астығы түсті. Дәнді дақылдар алқаптары әлі де болса ылғалды, өткен жексенбі күні небары 11,4 мың гектардың ғана астығы жинап алынды. Астық бастыруға кешегі күні небары 369 комбайн қосылды. Дәнді дақылдар шығымдылығы әзірге орта есеппен 13,8 центнерден айналуда. Соның ішінде Айыртау ауданы – 16,1, М.Жұмабаев – 15,0, Ғ.Мүсірепов атындағы – 14,3, Уәлиханов – 14,1 және Қызылжар ауданы 14,0 центнерден өнім алып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp