«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ант қабылдап, атақ алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінің полицейлері Конституция күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Тәуелсіздік стеласының алаңында өткен шарада 20 сақшы ант қабылдаса, қатардағы 17 тәртіп сақшысы алғашқы арнайы офицерлік атаққа ие болды.

Олар сап алдында командирлердің бұйрықтарын орындауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, Отанына адал қызмет атқаруға ант берді. Антына берік, сертіне адал жас полицейлер мен ардагерлерді облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов құттықтады. Облыстың бас полицейі жас полицейлерді антқа адал болуға шақырды. Қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенді болу қажет екендігін айтты және кез келген қылмыс түрімен күресте, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға барынша күш салу қажеттігін тілге тиек етті.  

Міндетін абыройлы атқарып, еңбегі еленгендердің атынан сөз алған Петропавл қаласы ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полицияның инспекторы Балнұр Қалиахметова мемлекеттік мереке қарсаңында лейтенант шенін алғанына қуанышты екендігін атап айтып, артылған сенімнен шығуға уәде берді.

Құттықтаулардан соң қызмет барысында үлкен жеті,стіктерге жеткен, қызметтерін адал және мінсіз атқарған және де ҚР Конституциясы күнін тойлауға байланысты 200-ден астам офицер мен сержант грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Жергілікті департаменттің шығармашылық тобы әріптестерін ән-жырмен құттықтады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp