«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – АТА ЗАҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының “Қоғамдық сұхбат” баспасөз орталығында Конституция “дөңгелек үстел” өтті. Оған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің педагогтері, облыстық соттың судьялары, ардагерлер, әскер қатарындағы сарбаздар, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

“Дөңгелек үстелге” жиналғандар мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияның тармақтарын талқылаудан бастады. “Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген Конституцияның бірінші бабында. Іс-шараға келгендер осы бап төңірегінде пікір алмасты. “Құқықтық жағынан сауаттымыз ба?” деген сауалға жауап іздеп көрді “Дөңгелек үстелдің” модераторы – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Заң пәндері” кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева “Конституциялық реформа: тарих және қазіргі заман” тақырыбында баяндама жасады.  

Ата Заң ең алдымен адамның құқығы мен бостандығын қорғайды, деді облыстық соттың судьясы, заң ғылымының кандидаты Инесса Қуанова. Соңғы уақытта Негізгі Заңға енгізілген толықтырулардың тиімділігіне ол ерекше тоқталды. Борышкерлердің уақытша шетелге шығуларына тосқауыл қойылып, үстіміздегі жылдың 6 айында солтүстікқазақстандықтардың мыңнан астамына шетел асу ниеттері қанағаттандырылмағандығын тілге тиек етті. Жиында сөз алған баяндамашылар Ата Заңның әр саласы турасында сөз қозғады. №8 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Руслан Тілеубаев Конституцияны білім беру тұрғысынан пайымдаса, “СҚО студенттер альянсы” жастар қоғамдық ұйымының өкілі Динара Максютова Ата Заң бойынша өмір сүруді үйрену қажеттілігіне тоқталды. Тағылымы мол іс-шарада “Қазақстандағы адам құқығының дін ұстану еркіндігін жүзеге асыру” тақырыбы да қозғалды. Оны “Прозрение-Көзжету” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы Максим Доценко өрбітті. Аталмыш жоғары оқу орнының “Заң пәндері” кафедрасының аға оқытушысы Дильбар Бегалинаның қолданыстағы Ата Заңды “Жеті жарғымен” салыстыруы тыңдармандардың қызығушылығын туғызды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp