«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент үстіміздегі жылдың 27 тамыз күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің стадионында шаруашылық жүргізу субъектілерінің негізінде жасақталған ерікті өрт сөндіру құралымдарының сайысын ұйымдастырды.  

Сайысқа Прибрежный, Қызылжар, Бескөл, Архангелка, Соколов және Рощинск ауылдық округтерінен 6 команда қатысты. Әр команда 4 адамнан құралды, оның біреуі – өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, ал үшеуі – өртсөндірушілер. Сайыскерлер өздерінің дайындық деңгейлерін, өрт сөндіру ісін тәжірибеде меңгергендіктерін көрсете біліп, тапсырмаларды жақсы орындады.  

Аудандық Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы сайыскерлердің тапсырмаларды жедел, нақты және дұрыс орындағанын бағалады. Нәтижесінде Архангелка ауылдық округінің ерікті өртсөндірушілер командасы топ жарып, екінші және үшінші жүлделі орындарды Бескөл және Қызылжар ауылдық округтері иеленді.  

Сайыстың жеңімпазы қанжығасына кубокы байласа, жүлделі орындардағы командалар диплом алып қайтты.

Ерікті өртсөндірушілердің сайыстары осы күндері облыстың барлық аудандарында өткізіліп, бұдан әрі аталған сайыстарды өткізуді дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Ербол ҚУАНЫШЕВ,

СҚО ТЖД МӨББ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp