БОЛАШАҚ АНАЛАР БАСҚОСУЫ
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен өңірімізде тұңғыш рет “Біз сәбилі боламыз” деген тақырыпта болашақ аналар форумы өтті. Оған аудандар мен қалалардан келген жетпіс шақты ана қатысты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. “Түркістан” мейрамханасында өткен аталмыш іс-шара ауқымды бағдарламадан тұрды. Жүктілік, босану және ана болу бақыты туралы маңызды да қызықты ақпарат беруге арналған форумның басты мақсаты бала …