«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЫЛТЫР НЕКЕСІ ҚИЫЛҒАНДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ АЖЫРАСЫП ТЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Жас Отан” жастар қанатының ұйымдастыруымен “Жас отбасылар проблемалары” пікірталас клубының отырысы болып өтті. Оған студенттер, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен “Нұр Ару” гендерлік жастар клубының мүшелері қатысты. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Дөңгелек үстел” басына жиналғандар жас отбасылардың бүгінгі жағдайын, тыныс-тіршілігін талқылады. Мұндай отбасыларда кездесетін проблемалар сан алуан. Мәселен, солардың көбі тәрбие мен отбасылық құндылықтар деңгейінің төмендігінен туындап жатады. Жастардың өздерінің айтуынша, отбасын құру жан-жақты жоспарлауды қажет етеді. Олар қыздар мен жігіттер үлкен өмірге аяқ басқан кезде оның барлық жақтарын ойластырып, бақытты болашаққа жоспар құруы керек деген пікірде.  

Облыстық Статистика басқармасының бас маманы Гүлшат Әділшинованың мәліметіне сәйкес облыс бойынша 2012 жылы ең көп ажырасу тіркелген. Бұл кезеңде 4813 неке қиылса, соның тең жартысына жуығы ажырасумен аяқталған. Неке бұзатын жастардың көбі – облыс орталығынан. Аудандар арасында мағжандықтар “алда”. Сонымен қатар толық емес отбасыларда туатын балалар саны артқан. Дүниеге келген сәбилердің 13 пайызы осындай отбасыларда тәрбиеленуде.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp