«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШ КӨЛЕМІ ӘРТҮРЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдағы бүгінгі күнгі өткір мәселелердің бірі – алимент төлемдерін төлету. Ер мен әйелдің арасындағы қатынасты бұзу оңай болғанымен, балаларының алдындағы міндетті ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан да бала тәрбиелеп отырған ата-ананың бірі алименттерін өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Борышкер жұмысқа орналаспаған жағдайда, 2012 жылдың 17 қаңтарына дейін алимент облыстағы орташа айлық еңбекақы төлемінен өндіріп алынды. Ал қазір борышкер жұмыс істемейтін болса, алимент ең төменгі еңбекақы төлемінен есептеледі. Ол 2013 жылы 18 660 теңгені құрайды.

“Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалында алимент төлеу жөнінде қомақты қарыз бойынша да және шамалы ғана берешек бойынша да атқарушылық іс жүргізулер бар. Мысалы, Б.Б. Нұрахметовтан алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу орындауда тұр. Оның алимент төлемі бойынша борышы 1 200 000 теңгені құрайды. Ал А.А. Вишнивецкийден 23 000 теңгеден астам алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бар.

Кейбір ата-аналар, ресми түрде жұмысқа орналаспағанына қарамастан, алименттерін төлеп отырады. Мысалы, К.М. Әлібековтен алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу орындауда тұр. Ол 4 665 теңге көлемінде алиментін ұдайы төлеп отырады. Сондай-ақ, орындауда В.И. Клименовтан алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бар, ол ай сайын 18 000 теңгені өз еркімен төлеп отырады.

Алименттер – балаға, оның денсаулығына, қалыпты өмір сүруіне арналған ақша. Баласын алименттен айыру – өзінің ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтару. Осы жайында ойланғанымыз жөн болар.

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp