«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАЦИЕНТКЕ ҚАЖЕТІ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пациенттерді реформаның жүргізілуі қызықтырмайды, оларға сапалы медициналық көмек қажет. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы – нақ осы мәселелер әр денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын сипаттайды. 2010 жылы Елбасының Жарлығымен “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ол 2005-2010 жылдары жүзеге асырылған, бұдан бұрынғы бағдарламалардың жалғасы болып табылады. 

Жеңіс ӘБІЛЕВ,  

“2-ші қалалық емхана” ШЖҚ КМК бас дәрігері,

Дәмелі ЖАНТАСОВА,

бас дәрігердің орынбасары.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) Қазақстанда 2010 жылы енгізілген. БҰДЖ енгізу пациентке медициналық ұйымды еркін таңдауға, көрсетілген медициналық қызметтердің айқын және қолжетімділігіне құқық береді және медициналық ұйымдар арасында сау бәсекелі орта қалыптастырады. БҰДЖ жұмыс сапасын жақсартады, өйткені төлем сапалы нәтижеге байланысты. Алдын алу жұмыстары үшін нақты мүмкіншіліктер туып отыр. Медициналық ұйымды еркін таңдау, сондай-ақ азаматтардың құқығы сапалы медициналық көмек алу “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінде де көрсетілген. Пациент құқығын қадағалау мақсатында медициналық ұйымды еркін таңдауда Жоспарлы емдеуге жатқызу бюросының порталы енгізілген, күндізгі стационарлар, үй жағдайындағы стационарлар, қалпына келтіру емдері дамып келеді. Ішкі аудит қызметі көрсетілген қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы жөнінде пациенттердің қанағаттану дәрежесін анықтау үшін СҚО бойынша ДСДРО филиалымен емханаларда пациенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі. Біздің емханамызда 2012 жылдың қазан және осы жылдың ақпан, сәуір айларында осындай сауалнамалар жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша пациенттердің 71%-ы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттанған. Бүгінгі күні пациенттердің медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы ойлары өзгерген. Барлық медициналық ұйымдарда сапасыз медициналық көмекке тез әрекет ету үшін “Шұғыл байланыс” телефондары орналастырылған. Біздің емханамызда 33-47-17.

БҰДЖ енгізілгелі пациенттер нақты нәтижелерді сезінді: алғашқы жедел медициналық (АЖМК) көмек саласында жоғары техникалар ғылыми-зерттеу институттары және республикалық клиникаларда ғана болса, БҰДЖ енгізілгелі нейрохирургия, кардиохирургия, травматология, онкология бойынша АЖМК өз аумақтарында ала алады. АЖМК-ті өз облыстарында алушы азаматтардың саны көбейіп келеді. 2010 жылдан стационарды еркін таңдау құқығы жүзеге асырылып келеді. 2012 жылы 1698 адам (98% пациент) өз аумағында емделген, 1,4% стационарлық ем алған. Ғылыми орталықтарда және республикалық клиникаларда емделу қамтамасыз етілген. 2012 жылы аумақтарға бекітілген тұрғындар арасында республикалық клиникаларда 15 адам емделген. Халық арасында медициналық көмек алу үшін тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) кеңейтілген, оған көптеген қымбат тұратын зерттеулер енгізілген, скринингтік зерттеулер тізбесі, дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету кеңейтілген. ТМККК жобасы аясында 2012 жылы бөлек топтағы азаматтарға анықталған ауру түрлеріне байланысты тегін дәрі-дәрмектер беріледі, адамдарға осылай маңызды көмек көрсетіледі. Бірақ, бұл мемлекет тарапынан дәрі-дәрмекті тегін тарату емес, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметін пайдалану болып табылады. Азаматтар учаскелік дәрігерлерге қаралып, тексерілуден өтіп, диспансерлік есепке тұру қажет. Егер қойылған диагноз ТМККК аясында аурулар тізбесіне енгізілген болса, дәрі-дәрмек тегін жазылады. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында қарастырылған. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 380 млрд. теңге бөлінген. Мемлекеттік бағдарлама БҰДЖ нығайтуға арналған. Реформаның басты мақсаты БҰДЖ аясында өткізілген негізгі әлеуметтік маңызды аурулар көрсеткішін төмендету және медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp