«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ 2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ, қасақана от қою да тыйылмай тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 463 өрт болып, одан 250 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 34 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 5-еуі бала. 29 азамат әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында түн ортасында екі пәтерлі тұрғын үйдің біреуі отқа оранды. Оған жедел жеткен өрт сөндірушілер от ошағын таң ата ғана жойды. Тілсіз жау 55 жасар үй иесі әйелді қайғылы қазаға ұшыратты, ал оның ащы газға уланған жұбайы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті тергеушілер от дәліздегі электр сымдарының тұйықталуынан шыққан деген болжам жасауда.

Петропавл қаласындағы Демьян Бедный көшесіндегі жеке тұрғын үй де осылай өртенді. От 71 жасар зейнеткерді жалмады.

Батыр Баян, 7 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің бірінен шыққан өртке де осындай ақау себеп болды. От тұрмыстық техниканы бүлдіріп, бөлмені түтінмен ыстады. Үй иелері отты өздері бұғалықтап, өртсөндірушілерді шақырған жоқ.

Қызылжар ауданындағы Кривоозерка және Якорь, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Червонное ауылдарында да от жалыны үйлердің бір бөлігін, қора-қопсыларын бүлдірді.

Қысқа жинаған шөп те оттың “құрбанына” айналуда. Негізінен оның екі себебі бар: бірі – отты абайсыз пайдалану, екіншісі – қасақана от қою. Есіл ауданындағы Николаевка ауылында әдейі от қоюдан 3,5 тонна шөп пен қора-қопсы өртенді. Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында да осындай жағдайда екі үйдің шөбі от құшты. Бір апта ішінде облыста 30 тонна шөп жанып кетті.

СУРЕТТЕРДЕ: Петропавлдағы Д.Бедный көшесі мен Буденное ауылының қайғылы аяқталған төтенше жағдайлары.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp