«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Теңдік Сәрсекеева – “ҚАЗАҚСТАН ДАҢҚЫ” ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарауында балалары бар мүгедек әйелдердің облыстық “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінде бүгінгі күні – зор қуанышты оқиға. Конституция күні қарсаңында қоғамдық бірлестіктің тө райымы Теңдік Сәрсекеева Ұлттық бизнес-рейтингінің ұйымдастыру комитетінің шешімімен “Қазақстан даңқы” ордені және “Қазақстан көшбасшысы 2013” медалімен марапатталды.

Құрылғанына 16 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Өз басынан өткен қиындыққа мойымай, керісінше, болаттай бекіген Теңдік Сәрсекееваның көп жылғы еңбегінің арқасында мүмкіндігі шектеулі ата-аналардың балалары мектеп табалдырығын аттап, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, үлкен өмірге қадамдарын нық басуға мүмкіндік алды. Аналардың жан дауасын жете түсіне білетін төрайымның адамгершілігі мен ізеттілігі көпке мәлім. Білікті басшы әр баланың, әр ананың мәселесін шешуге қолынан келгенше көмегін аяған емес. Соның арқасында қоғамның жұмысы күн санап жанданып, жаңа қарқынмен дамып келеді. “Бір-біріміздің қайғымыз бен қуанышымызға ортақтасып, демеу көрсету дәстүрі қалыптасқан”, – дейді қоғамның мүшелері.

Бірнеше жыл бұрын қоғам Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хат алып, мұның өзі жұмыста жаңа серпіліс туғызған еді. Ал 2006 жылы тек қана алға ұмтылуды мақсат еткен қайратты жанның есімі Қазақстан әйелдері республикалық энциклопедиясына енгізілген. Мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты аналардың балаларына екінші анадай болып кеткен Теңдік Сәрсекееваның атқарған еңбегі еленіп, ерекше жетістіктері үшін бүгіндері “Қазақстан даңқы” орденінің иегері атанып отыр. Бұл қуанышты сәтті қоғам мүшелерімен бірге бөліскен төрайым: “Қандай марапат болсын, қоғам мүшелері – аяулы аналармен бірге жеткен жетістігіміз”, – дейді.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp