«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӘРЕКЕТІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алмагүл БАЙГҮЛБАЕВА,

облыстық Монополияға қарсы

инспекцияның тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Петропавл қаласы әкімдігінің “Бәсекелестік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағын бұзуына байланысты тергеу бастады. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне қатысты.  

Петропавл қаласы әкімдігі 2012 жылы бір кәсіпорынмен жолаушыларды және жүктерді тұрақты қалалық автотасымалдауды ұйымдастыру бойынша келісімшартқа қосымша келісім жасаған, ал кәсіпорынның жарғысында осы қызмет түрлері көрсетілмеген. Сондықтан, әкімдік қабылданған бұл шешім жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті шектеуге әкелуі мүмкін еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp