«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТАЙҒАНДАР мен МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – мемлекеттік маңызды іс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жанахмет ТАСШЫҒҰЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облыстық Бақылау және
әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы.

Мен басшылық ететін департаменттің қызметі зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық-әлеуметтік сараптама сияқты негізгі екі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, азаматтардың қартайған шағында зейнетақымен қамтамасыз етілуінің конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын, асыраушысыз қалған және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайларда олардың әлеуметтік қорғалуын бақылау департаменттің басты мақсаты болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің шапшаң дамуына байланысты қызметті жемісті жүргізу және жұмысымызда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мүгедектердің деректерінің орталықтандырылған базасы (МДОБ), Е-макет, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ), тұлғалардың өтініштерінің бірегей есебі (ТӨБЕ) сияқты әлеуметтік-инновациялық технологиялар енгізілді.

Жаңа технологиялар жұмыстың сапасын және шапшаңдығын жақсартуға, қабылданатын шешімдердің ашықтығына қол жеткізеді. Осылардың арқасында құжаттар ұзаққа созылмай қарастырылатын болды. Мәселен, Е-макет жүйесін енгізгеннен кейін жазбаша құжаттар айналымы түгел қысқартылды. МДОБ бағдарламасының арқасында мүгедектерді атаулы есепке алу қамтамасыз етіліп, мұрағат жасалды.

Осының бәрі департаменттің өзінің алдына қойылған міндеттерді сапалы орындауына мүмкіндік тудырады.

Департамент өз қызметінде жергілікті атқарушы органдармен – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен, Денсаулық сақтау басқармасымен және Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен (МЗТО), сондай-ақ Кәсіптік одақтардың облыстық кеңесімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтаса жұмыс атқарады.

Департамент басшылығы “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында ай сайын өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап департаментте құрылымдық өзгерістер болып, соған байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Қазіргі уақытта облысымызда 130 мыңнан астам адам зейнетақылар мен жәрдемақылар алады.

Әлеуметпен жұмыс бөлімдері зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша 29306 істі бекітті. Соның ішінде 18612-сі жаңадан қарастырылған, 10694-і – қайтадан есептелген істер. 26738 зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер электронды жүйемен тағайындалды.

Зейнетақылар және әлеуметтік төлемдер алу үшін өткізілген құжаттардың анықтығын, жұмыс істегенін және кірісінің шынайылығын нақтылау мақсатымен ұйымдарға 873 сұраныс салынды.

Мемлекет мүмкіндіктері шектеулі адамдарға үлкен көңіл бөледі. Бүгіндері мүгедектердің қолайлы тұрмысын қамтамасыз етіп, жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған шаралардың жоспары жүзеге асырылуда.

Облысымызда МДОБ-да тіркелген 29 мыңнан астам мүгедек тұрады. Олардың екі мыңы – балалар.

Үстіміздегі жылы 928 мүгедек адам алғаш рет есепке алынды. Бұлардың 792-сі – ересектер. Жастары бойынша еңбекке жарамды мүгедектердің саны 727 адам немесе 78,3 пайыз.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) құзырына жұмыс істеу қабілетінен айрылған жұмыс істеп жүрген азаматтарға қосымша төлемдерді толтыру үшін әлеуметтік сақтандыруға тиісті жалпы еңбекке жарамсыздықты бекіту кіреді. Сондай-ақ оның қызметіне қайтадан қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасау да жатады. Бұл бағдарлама мына үш бөлімнен тұрады:

– қала мен облыстың медициналық ұйымдарының емдеу – сырқаттардың алдын алу бойынша жұмыстарын бақылайтын медициналық бөлім;

– емдеу ұйымдарының дәрігерлерінің ұсыныстарына орай қайтадан қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасау бойынша шараларды (шипажай-курорт емі, протез және қимыл-қозғалыс көмегі, есту құрылғылары, арбашалар, жаялықтар және басқалары) жүзеге асыру және осыларды орындауға медициналық-әлеуметтік сараптаманың бақылауы енетін әлеуметтік бөлім;

– мүгедектің оқуға, қайтадан оқуға және пайдалы жұмысқа орналасуына келісім беруін ескере отырып, қайтадан қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасау. Мысалы, облысымызда қайтадан қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасау бойынша 29 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Департаментте ақпараттық-түсінік жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, БАҚ-та 56 мақала жарияланды, теледидар арқылы 18 хабар көрсетілді, 1887 өтінімдер қарастырылды. Бұлардың 774-і ауызша, 1113-і жазбаша өтінімдер. Азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі .

Бүгінгі күнге департамент қызметкерлерінің сапалық құрамы жүктелген міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді. Қызметкерлердің 87 пайызының жоғары білімдері бар. Олардың 10,5 пайызының білімдері бір жоғары білімнен асады.

Біліктілікті көтеру үшін қызметкерлер оны үнемі жетілдіріп тұрады. Олар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы біліктілікті көтеру курстарында және Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру орталығында оқиды.

Қорыта айтқанда, біздің департамент ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауларында тұрғындарды әлеуметтік қорғауды ойдағыдай жүзеге асыру жөнінде қойған талаптарын орындауды өзінің басты міндеті деп біледі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp