«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ТІЛДІ ИГЕРУ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айбала МӘЖЕНОВА,

зейнеткер, тіл жанашыры.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады” деген болатын. Елбасының даналық сөзінде үлкен мағына жатыр.  

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан кейін еліміздің әрбір облысында Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылды.

Біздің облысымызда осындай орталық 1999 жылы өз жұмысын бастады. Әрине, алғашқы жылдары қиыншылықтардың болғаны рас. “Көш жүре түзеледі” демекші, мемлекеттік қолдау мен өңір басшыларының тілге жасаған қамқорлығының арқасында жыл санап жағдай жақсарды.

2001 жылы барлығы 16 топта 288 ғана тыңдаушы болатын. Жыл сайын бөлінген қаражаттың көлеміне байланысты топтар мен тыңдаушылар саны арта түсті, яғни бүгінгі күнмен салыстырғанда жағдай, әрине, жер мен көктей.

Елбасы айтқандай, біздің еліміздің басты артықшылығы – көпұлтты және көптілді болуы.

Қазіргі заманда үш тілді игеру – бұл өркендеудің негізгі жолы. Сондықтан тілді үйренем деушілерге үлкен жағдай жасалуда. Жастарға айтарым, мемлекет тарапынан жасалып жатқан бар мүмкіндікті уақытында пайдалана алмасаңыздар, ертең кеш болары сөзсіз.

Сондықтан тіл жанашыры ретінде барлықтарыңызды бәсекеге қабілетті қоғам орнату жолында батыл қадамдар жасауға шақырамын.

Біз, аға ұрпақ өкілдері, Сіздер осы сара жолды абыроймен жалғастыратындарыңызға сенімдіміз.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp