«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ және ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде өңірдің банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметін сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететін республиканың макроэкономикалық көрсеткіштері:

Ұлттық банктің деректері бойынша 2013 жылғы шілдеде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 64,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 89,8 млрд. АҚШ долл. дейін 0,3%-ға өсті (жылдың басынан бастап өсу 4,4 пайызға);

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2012 жылғы 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейінде белгіленді және осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалды.

СҚО Статистика департаментінің ресми деректері бойынша, 2013 жылдың шілде айында облыс бойынша инфляция 0,1% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,1% пайыздық тармаққа төмен. (2012 жылдың шілдесінде СҚО бойынша – 0,0%, республика бойынша – 0,3%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола – 0,1 пайызды, Қостанай – 0,5 пайызды, Павлодар 0,1 пайызды құрады.  

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банк секторын 18 екінші деңгейлі банктердің өңірлік филиалдары және олардың 60 құрылымдық бөлімшесі құрайды.

Облыстың несие нарығы. Банктердің несиелік салымдарының жалпы көлемі 2013 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша14,3 пайызға, 96,6 млрд. теңгеге артты. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,9 құрады. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің жалпы көлемі 59,7 млрд. теңгені құрап, 22,1 пайызға артты. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 11,4 млрд. теңге келеді немесе берілген несиелердің жалпы көлемінің 19,1 пайызы. Үстіміздегі жылдың есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда (11363,2 млн. теңге) 1,5 есе артық болды және 17555,7 млн. теңгені құрады. Берілген ипотекалық несиелердің көлемі 1,7 есе (2012 жылы – 2454,3 млн. теңге) артты және 4134,4 млн. теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың шілдесінде ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,4%-ды құрады, шетел валютасында – 14,2 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада – 13,7%, шетел валютасында – 10,7%. Несие нарығындағы долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 7,4%-ына дейiн төмендеді (2012 жылы ол 9,8%-ды құрады).

Облыстың депозит нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен (47,3 млрд. теңге) салыстырғанда 22%-ға артты және 57,7 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерінің меншікті салмағы 0,99%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері 56 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,3 пайызға немесе 11,3 млрд. теңгеге артты (44,7 млрд.теңге). Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 97,1% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 55,4%-ды құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2,6 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттері көлемі төмендеді және 1,7 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 21,9%-ға өскен және 43,4 млрд. теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 22,2% өсті және 14,3 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің үлес салмағы 75,2%-ды құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі былтырғы жылдың деңгейінде қалды – 24,8%. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 7,8% және 5,2%-ды құрады (2012 жылдың шілдесінде – 8,4% және 5,8%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 29,7%-ға өсті және 99,9 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 189,8 мың теңгені құрады, 19,2 пайызға өсумен.

Облыстың валюта нарығы. 2013 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 103 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2013 жылдың қаңтар-шілде айларында банктердің айырбастау пункттері және уәкілетті ұйымдар облыста 104,2 млн. АҚШ долларын, 8,2 млн. еуро және 591,8 млн. ресейлік рубльдерді таза сатуды жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда валютаның барлық түрлері бойынша сатып алу бойынша да, сату бойынша да орташа бағамдарының артуы байқалады. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар арасында жүргізілген операциялардың арақатынасын талдау келесі қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді: есепті мерзімде ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттері облыс тұрғындарының екі түрлі валюта бойынша негізгі сұранысын қамтамасыз етті: АҚШ долларын сату бойынша – 78,4 пайыз, еуроны сату бойынша – 74,4 пайыз. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері ресейлік рубльді айырбастау бойынша операциялардың негізгі көлемін жүргізеді, облыс бойынша операциялардың жалпы көлемінің сатып алу бойынша – 87,9 пайызын және сату бойынша – 66,1 пайызын, ал еуроны сатып алу бойынша – 67,1 пайызын және долларды сатып алу бойынша 59,5 пайызын жүргізді.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желісі 2013 жылдың 1 тамызы жағдайына келесі қалыпта болып отыр: 261 банкомат (2012 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда өсу – 4,4 пайыз немесе 11 бірлік), 986 POS-терминал (өсу 29,9 пайызға немесе 227 бірлік). Мұнда есепті мерзімде 1 терминалға 586 тұрғыннан келеді (ҚР бойынша – 449), 1 банкоматқа – 2215 тұрғын (ҚР бойынша – 1948 тұрғын). Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, мұны сандарының тиісінше 31 пайызға (461-ге дейін) және карта ұстаушылардың саны 10,2 пайызға (238,4 мың адамға дейін) өсуі дәлелдейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp