«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамызда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 18095 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10857 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7238 теңге болды.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15830 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 22488 теңге және (қыздар) – 17226 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 21325 теңге және әйелдер – 16919 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 16705 теңге.

Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 18507 теңге, Петропавл қаласы бойынша 17330 теңге болды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp