«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ” ІРІ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел чемпионатының бірінші тобында ойнайтын командалар 11 қыркүйекте жиырма сегізінші турдың кездесулерін өткізді.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл турда біздің “Қызылжар” клубының ойыншылары Алматы облысындағы Қаскелең қаласының “Сұңқар” командасын қабылдаған еді. Қарсыластар турнир кестесінің алтыншы және тоғызыншы орындарын иеленген. Біздің жігіттер алтыншы орыннан жоғарылай түсуі үшін жеңуі және де ірі есеппен ұтуы керек еді.  

Сондықтан қос қарсылас та сақ әрі ширақ ойнауға тырысты. Алғашқы қауіпті сәт біздің қақпа алдында туындады. Дес бергенде, қақпашымыз Владимир Никлевич орнықты қимылмен қатердің алдын алды.

Алғашқы таймның жиырма бесінші минутында біздің ойыншылар есеп ашты. Оң қанаттан басталған шабуылды Олександр Згура тиянақты тамамдап, допты қақпаға баспен соғып енгізді.

“Сұңқар” абдырап қалды. Арада небары үш минут өткенде тағы да есеп ұлғайды. Оң қанаттан берілген бұрыштама допты “Қызылжардың” капитаны Денис Щеткин тағы да баспен соғып, қақпада тулатты.

Екінші таймда да жерлестер қос доп соқты. Алғашқысын шабуылшы Давити Чагелишвили енгізсе, төртінші допты алаңға екінші кезеңде шыққан Ильдар Аитов тоқсан бірінші минутта қақпаға дарытты.

Жерлестер осы ірі жеңістен соң қырық тоғыз ұпай жинады. Доп айырмасы 39-27.

Олар өз алаңымыздағы келесі кездесуінде 28 қыркүйекте Шымкенттің “БИК” командасын қабылдайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp