«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.09.2013

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕНЖАЙЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАР – қатаң бақылауда

Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың арасында жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан қалалық Ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу бөліміне 6719 қаңғыбас жеткізілген.   Қабылдау-бөлу бөлімінің қызметкерлері рейд ұйымдастырып, қаңғыбастардың көп жиналатын орындарында тексеріс жүргізді. Олар жылу құбырлары, құдықтар мен жертөлелерде түнейтіндер қоқыс жәшіктерінің маңын да жиі паналайды. “Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу орталығы …

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕНЖАЙЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАР – қатаң бақылауда Read More »

ЖАСТАРДЫ ТЕРІС АҒЫМДАРДАН АРАШАЛАУ мәселесі әңгіме арқауына айналды

Айгүл ТӘШЕТОВА, журналист. Жақында Тайынша аудандық әкімдіктің мәжіліс залында дін мәселелері жөнінде кеңейтілген жиын болып өтті.   Күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде аудан әкімі Серік Салтықов: – Аудан мектептеріндегі “Дінтану” курстары дұрыс бағытта оқытылуы тиіс. Жалпы баршамыз болып, қауіпті секталардан сақ болуымыз керек, – дей келе, жиналған жұртшылықты діни экстремистердің қауіпті әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуге …

ЖАСТАРДЫ ТЕРІС АҒЫМДАРДАН АРАШАЛАУ мәселесі әңгіме арқауына айналды Read More »

ЖАС ОТБАСЫЛАР мен ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ, журналист. Отбасы күніне орай аудан әкімі Қайрат Пішенбаев көпбалалы жас шаңырақтарды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.   Медвежка ауылында тұратын Наврузалиевтер отбасы екі ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр. Отағасы Мадатбай Құрбанбайұлы “Коняева Т.А.” ЖК құрылысшы болып істейді, жұбайы Роза Умарбайқызы бала күтімі бойынша демалыста. Балалардың үлкені 14 жаста болса, кенжесінің дүниеге келгеніне …

ЖАС ОТБАСЫЛАР мен ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ Read More »

“НИВА” АВТОКӨЛІГІ БІЗГЕ БҰЙЫРДЫ

Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылындағы “Ақмола ТЭК” АҚ-ның оқу-жаттығу полигонында таратушы электр желілерін пайдалану бойынша жедел жөндеу қызметкерлерінің республикалық кәсіби жарысы болып өтті. Оған “СҚ ТЭК” АҚ-ның электр жөндеушілері де қатысып, үшінші жүлдемен оралды. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 14 команда қатысты. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі турнирге өз ісінің хас шеберлері келетіндіктен, үздіктердің үздігін таңдау қазылар …

“НИВА” АВТОКӨЛІГІ БІЗГЕ БҰЙЫРДЫ Read More »

МАРАТ ЖҮКЕНОВ – ОЗАТ ЖҮРГІЗУШІ

Жуырда Петропавл автодромында өрт сөндіру автомобильдерінің жылдамдықта маневр жасауы бойынша облыстық жарыс өтті. Онда бұдан бұрын өңірлік жарыстардың жеңімпаздары болған “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ өрт сөндіру бөлімдерінің 4 қызметкері “Озат жүргізуші” атағына таласты.  Қасен ҚҰСЫЛБАЕВ, Өртке қарсы күрес қызметінің подполковнигі. СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары Серік …

МАРАТ ЖҮКЕНОВ – ОЗАТ ЖҮРГІЗУШІ Read More »

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ нұротандықтар назарында

Жақында мен еліміздің жоғарғы заң шығару органында семинар-кеңес түрінде өткен партиялық жетекші – Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаевтың “Нұр Отан” ХДП мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы сайлауалды тұғырнаманы орындау жөніндегі сараптау тобының мүшелерімен кездесуіне қатыстым. Райхан ӘБДІРАХМАНОВА, облыстық мәслихаттың депутаты, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша партиялық тәлімгер. Қазіргі кезде болашақ ұрпақты дамытуға баса назар аударылуда, …

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ нұротандықтар назарында Read More »

НАР ЖҮГІН КӨТЕРГЕН НӘЗІК ЖАН

Күлбаян ВАЛЕЕВА,Уәлиханов аудандық мәслихаттың бас маманы. Күләш Егімбаева – кітапхана ісінің білгір маманы, белсенді ұстанымдағы азамат, асыл ана. Күні кеше құлын-тайдай тебісіп ойнаған құрбыларымен бірге асқақ арман арқалап, Күләш Нағымжанқызы да білім жолын қуып, қалаға аттанды. 1982 жылы Көкшетау мәдени-ағарту училищесін “Кітапхана ісі” мамандығы бойынша тамамдаған ол өзі таңдаған мамандығы бойынша жоғары білім алу үшін …

НАР ЖҮГІН КӨТЕРГЕН НӘЗІК ЖАН Read More »

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ӨСКЕН БАСШЫ

Николай ДЯТЛОВ, Шал ақын аудандық мәслихаттың хатшысы. Кейбір адамдар туралы: “Ол халық арасынан шықты, бәріне өз еңбегімен қол жеткізді, қатардағы жұмысшы болып бастады да, кәсіпорын басшысына дейін өсті”, – деп жатады. Мұндай басшылар қоғамда әрдайым сыйлы. Аудандағы телекоммуникация торабының бастығы Виктор Федоров та адамдардың осы санатына жатады. Ол – Марьевка ауылының тумасы. Виктордың балалық, жастық …

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ӨСКЕН БАСШЫ Read More »

“БАУЫРЛАРЫМ ҮШІН!..” ДЕП БАСТАҒАН ІСІ береке арнасына айналды

Кәкім Сақтановтың мақсаты – бауырларын да, өз балаларын да еңбекқорлыққа баулу. Ерінуді білмейтін ол ауыл шаруашылығы құрылымының әр саласынан табыс табуға тырысады. Жылда құстың балапандарын сатып алып, оны жазғы демалысқа келген балаларына бақтырады. Ондағы ойы – ұрпағына нанның маңдай термен табылатынын ұғындыру. Биыл алған 300 балапан – күзде балаларына азық, сондай-ақ еңбеккерлер үшін тамақ мәзірі. …

“БАУЫРЛАРЫМ ҮШІН!..” ДЕП БАСТАҒАН ІСІ береке арнасына айналды Read More »

ЛАНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕҢІЛ ЕМЕС

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Қызылжар су” ЖШС-і қаланы сумен жабдықтаудың және оны жеткізудің өткір тұрған мәселелеріне арналған баспасөз турын өткізді.   Қазір қаладағы сумен жабдықтау және оны жеткізу жүйесінің жағдайы туралы сөз етер болсақ, онда коммуналдық саладағы қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар үшін шешімі қиын түйінді мәселе кәсіпорындағы инфрақұрылымдардың ескіруіне байланысты көрсетілетін қызмет сапасының төмендеп бара …

ЛАНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕҢІЛ ЕМЕС Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ӨТІНІШІ ОҢАЙ ОРЫНДАЛАДЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Күзгі орақ науқанындағы жауын-шашынға қарамастан, қазір солтүстік өңірлерде егін жинау жұмыстары қыза түскен. Жиын-терімге жұмылған ірілі-ұсақты шаруашылықтардың мақсаты ортақ, ол алқаптағы бидайды ысырапсыз жинап алу. Осындай тынымсыз тірлікте жүргендердің бірі – “Башлам – терек” ЖШС-і. 2005 жылы облыстағы Аққайың ауданында құрылған “Аққайың” несие серіктестігіне алғашқылардың бірі болып, мүшелікке өткен шағын шаруашылық …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ӨТІНІШІ ОҢАЙ ОРЫНДАЛАДЫ Read More »

МАМЛЮТТІКТЕР мен АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР өзгелерге үлгі көрсетуде

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінгі таңда өңірде дәнді дақылдарды оруға 2463 комбайн және 807 тіркемелі жатка тартылса, астық бастыруда 5634 комбайн жұмыс істеуде. Бір аптадан бері орныққан қолайлы ауа райын барынша тиімді пайдалануға тырысқан облыс диқандары серпінді қимыл танытуда. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша осы аптаның басына дейін дәнді дақылдардың 2071,0 мың гектары …

МАМЛЮТТІКТЕР мен АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР өзгелерге үлгі көрсетуде Read More »

“АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ” АҚ облыстың 291 жобасына көмек көрсетті

“ҚазАгро” Ұлттық басқару холдингінің еншілес кәсіпорны – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев Қызылжар өңірінде болып, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының екінші бағыты бойынша берілген микрокредиттерді игеру барысымен танысты. Айдар ТӨЛЕЕВ, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ ОФ-нің бас кредит менеджері. Аталмыш микрокредит жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, аз қамтылған отбасыларға, …

“АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ” АҚ облыстың 291 жобасына көмек көрсетті Read More »

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Жыл сайын 1 қазаннан 1 қарашаға дейін өткізілетін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы облысымызда дәстүрге айналған. Осы кезеңде зейнеткерлер мен мүгедектердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіледі, мұның өзі қысқы маусым қарсаңында ерекше маңызды. Облыста зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы ашатын Қарттар күнін өткізуге дайындық жұмысы қазірдің өзінде өрістей түсті. 2013 жылғы 21 …

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ Read More »

ҚАРҚЫНДЫ ҮДЕТЕР ШАҚ ТУДЫ

Сенбі күні Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Аққайың және Тайынша аудандарында болып, егін орағының барысымен танысты. Бүгінгі таңда өңірдегі “сары алтынның” 30 пайызы соғылып, 50 пайызға жуығы дестеге түсірілген. Диқандар егін жинауды алдағы 15 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. “Астраханское” ЖШС-і егін оруды тамыз айының аяғында бастапты. Биыл 1200 гектар алқабын парға қалдырған …

ҚАРҚЫНДЫ ҮДЕТЕР ШАҚ ТУДЫ Read More »

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТІНЕН ЕМДЕЛГІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР жұртқа қауіп төндіріп жүр

Өңіріміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде бұл дертке шалдыққан жазасын өтеушілер саны азайып келе жатса да, олардың түрмеден шыққан соң, емдеуден бас тартуы әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі таңда сотталғандардың ішінде 117 адам Саумалкөлдегі туберкулезге қарсы емдеу мекемесінде емделіп жүрсе, бостандыққа шыққан 13 науқастың ішінде 6-уы қауіпті дерттен құлан-таза жазылып, өзгелері емін жалғастыру …

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТІНЕН ЕМДЕЛГІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР жұртқа қауіп төндіріп жүр Read More »

ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛЫНДЫ

Петропавлдағы №1 қалалық ауруханаға “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Нұр Отан” ХДП-ның қолдауымен физиотерапиялық жабдықтар сатып алу үшін 24 млн.-нан астам теңге бөлінді. Аурухананың бас дәрігері Галина Маметова айтқанындай, облыс әкімі Самат Ескендіровтің шешімімен науқастарға медициналық көмек көрсетуге 15 бірлік сауықтыру жабдығы және санитарлық автокөлік алу үшін 24 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.   Оңалту …

ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛЫНДЫ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА – 30 ЖЫЛ

Осы мерейтойға орай ауруханада “Педиатрия және балалар хирургиясының өзекті мәселелері” тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Омбы қалалары мен аудан орталықтарынан келген ақ халаттылар қатысты.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. – Республикадағы бала туу бойынша біздің облыстың көрсеткіші төмен болғанымен, өлім-жітім үстіміздегі жылдың 8 айдың өзінде 10,2 пайызға төмендеді, – деді конференцияда …

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА – 30 ЖЫЛ Read More »

МYГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНДАРЫ АШИТЫНДАР пандус орнатуды ұмытпайды

“АРДОС – Жүрек” мүгедектер бірлестігі” заңды тұлғалар бірлестігі “СҚО белсенді жастары” қоғамдық бірлестігімен бірлесе отыра Сорос – Қазақстан қорының қолдауымен “2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын сақтау бойынша іс-шаралардың алғашқы кезеңінің жоспарына мониторинг жасау және нәтижесін талқылау” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Мүгедек жандардың мәселелері мен мұқтаждықтарын анықтау …

МYГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНДАРЫ АШИТЫНДАР пандус орнатуды ұмытпайды Read More »