«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫ ТЕРІС АҒЫМДАРДАН АРАШАЛАУ мәселесі әңгіме арқауына айналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айгүл ТӘШЕТОВА,

журналист.

Жақында Тайынша аудандық әкімдіктің мәжіліс залында дін мәселелері жөнінде кеңейтілген жиын болып өтті.  

Күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде аудан әкімі Серік Салтықов:

– Аудан мектептеріндегі “Дінтану” курстары дұрыс бағытта оқытылуы тиіс. Жалпы баршамыз болып, қауіпті секталардан сақ болуымыз керек, – дей келе, жиналған жұртшылықты діни экстремистердің қауіпті әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуге шақырды.

Тайынша қалалық №4 ОМ-нің мұғалімі С.Лессер жаңадан енгізілген “Дінтану” пәнінің мектеп оқушыларының сана-сезімдеріне оң әсер ететінін жеткізді. Отырыс барысында Тайынша орталық мешітінің бас имамы Нұрлан Тасболатов хабарлама жасап, дәстүрлі дін мен экстремизмнің ара-жігін ажыратып берді. Ол “Біз жастарымыздың сана-сезімдерінде дінге деген дұрыс пікір қалыптастырып, олардың ақ-қарасын ажыратуына көмек көрсетуіміз керек”, – деп, білім мекемелерінде осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу қажеттілігін ерекше атап өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы жергілікті діни конфессиялардың өкілдері мен атқарушы билік органдары бірлесе отырып, осы бағытта жиі кездесулер ұйымдастыруы, жастардың дінге қатысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыруына көмек көрсетуі керектігін айтты.

Тайынша қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp