«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ нұротандықтар назарында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында мен еліміздің жоғарғы заң шығару органында семинар-кеңес түрінде өткен партиялық жетекші – Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаевтың “Нұр Отан” ХДП мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы сайлауалды тұғырнаманы орындау жөніндегі сараптау тобының мүшелерімен кездесуіне қатыстым.

Райхан ӘБДІРАХМАНОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты,

Солтүстік Қазақстан облысы

бойынша партиялық тәлімгер.

Қазіргі кезде болашақ ұрпақты дамытуға баса назар аударылуда, сондықтан партия тәлімгерлерінің міндеті: мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы сайлауалды тұғырнаманы орындау, қалалық және аудандық жетекшілер құрамын қалыптастыру жолымен өңірлік деңгейде партиялық тәлімгерлік институтын күшейту.

Біздің іс-шараның негізгі мақсаты жастар саясаты саласындағы индикаторларды әзірлеу, іске асыратын көкейкесті тақырыптарды анықтау болды.

Облыстық партиялық тәлімгерлер жұмысының жоспары бекітілді. Жастар қанатының сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жөніндегі жұмысы туралы есебі тыңдалды. Жас депутаттар қауымдастығы басқа жастар ұйымдарымен бірлесіп сапаны бағалау критерийлерін құрастырды.

Семинарда ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Естаев “Президенттік тесттердің ребрендингі және қазақстандық жастар арасында спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және танымалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығы” тақырыбында хабарлама жасады. Ол іс жүзінде әр облыс әкімі спорттың олимпиадалық түрлерінен нәтижеге жету мақсатын алға қойғанын атап көрсетті, бірақ бұқаралық спорт та дамуы керек қой. Бұқаралық спорт қоғамда көптеген қызмет атқарады. Бұл – ұлтты барынша шығынсыз, нәтижелі физикалық және моральдық тұрғыдан сауықтыру құралы. Оған қоса, дене шынықтыру мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, көбіне тұлғаның эстетикалық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын, оның оқудағы, өндірістегі, тұрмыстағы, қарым-қатынастағы ұстанымын анықтайды.  

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы өзінің Қазақстан халқына арнаған “Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында алғаш рет спорттың бұқаралық түрлерін дамытудың нақты мерзімі мен мақсатты индикаторларын анықтады. 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тиіс. Осы міндетті орындау барлық деңгейдегі атарушы органдар жұмысының негізгі индикаторы болып табылады, ол өңір әкімдіктерінің рейтингіне енгізілген.

“Жыл қорытындысы бойынша жалпы республикалық дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар көрсеткіші 3 млн. 600 мың адамды немесе еліміздегі жалпы халық санының 21,6 пайызын құрады”, – деп атап көрсетті баяндамашы. Шетелдермен салыстырғанда біздің көрсеткіш біршама төмен.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санын ұлғайтуда президенттік тесттер, халықтың дене шынықтыруға даярлығы да зор рөл атқарады. Президенттік тесттер жыл сайын өткізіледі. 2012 жылы оған 2 миллион 400 адам қатысты, соның ішінде 1 миллион 200-і – ауыл тұрғындары.

Президенттік тесттердің 1995 жылы ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту бойынша шұғыл шаралар туралы” Жарлығы мен “Президенттік тесттер және халықтың дене шынықтыруға даярлығы туралы” ҚР Үкіметінің 1996 жылғы Қаулысы қабылданғаннан кейін енгізілгендігін де атап өткен жөн. Алайда, 16 жыл бұрын қабылданған Президенттік тест туралы ереже ескірген және заманауи талаптарға сай емес. Осыған байланысты агенттіктің бұйрығымен ережені жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына Білім және ғылым министрлігінің, өңірлік Дене шынықтыру және спорт басқармаларының және басқа ұйымдардың өкілдері енген. Жұмыс тобы қағидалар мен президенттік тест жобасының жаңа редакциясын әзірледі, ол жуырда мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберіледі.

Бүгінгі күні депутаттық корпусты, жұртшылық өкілдерін сараптау қызметтеріне барынша тарту қажет. Біздің міндетіміз: кеңесте атап көрсетілген жастар саясаты, мемлекеттік жүйе бойынша атқарылып жатқан барлық жұмыстарды бағалау.

Біздің облысымызда Парламентте өткен семинар-кеңесте айтылған тапсырмаларға сәйкес “Мемлекеттік жастар саясатын және әскери-патриоттық тәрбиені іске асыру” бағыты бойынша сараптау тобы құрылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp