«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕНЖАЙЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАР – қатаң бақылауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың арасында жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан қалалық Ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу бөліміне 6719 қаңғыбас жеткізілген.  

Қабылдау-бөлу бөлімінің қызметкерлері рейд ұйымдастырып, қаңғыбастардың көп жиналатын орындарында тексеріс жүргізді. Олар жылу құбырлары, құдықтар мен жертөлелерде түнейтіндер қоқыс жәшіктерінің маңын да жиі паналайды. “Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу орталығы қызметінің негізгі мақсаты – тұрғылықты мекенжайы және құжаттары жоқ тұлғаларды анықтау мақсатында оларды орталыққа жеткізу. Кейін қылмыс жасауға қатыстылықтары тексерілген соң, олар тиісті органдар мен мекемелерге тапсырылады”, – дейді қабылдау-бөлу бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Әсел Баяшева. Сондай-ақ, қаңғыбастардың қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Үстіміздегі жылдың басынан қабылдау-бөлу бөліміне тұрғылықты мекенжайы жоқ 6719 тұлға жеткізілген. 231-і сот шешімімен қамауға алынды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 10 азамат пен 5 қылмыскер анықталды. Тағы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 5 адам табылды. Қабылдау-бөлу мекемесі қызметкерлері 61 қылмыстың бетін ашты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp