«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМЛЮТТІКТЕР мен АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР өзгелерге үлгі көрсетуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінгі таңда өңірде дәнді дақылдарды оруға 2463 комбайн және 807 тіркемелі жатка тартылса, астық бастыруда 5634 комбайн жұмыс істеуде. Бір аптадан бері орныққан қолайлы ауа райын барынша тиімді пайдалануға тырысқан облыс диқандары серпінді қимыл танытуда.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша осы аптаның басына дейін дәнді дақылдардың 2071,0 мың гектары немесе 58,0 пайызы орылды. Соның ішінде тура орылғаны – 515,0 мың гектар. Ал кешегі күнге дейін егін алқабының 43,7 пайызының астығы бастырылды. Орақтың бел ортасынан асқан Мамлют және Аққайың аудандарының егіншілері көш тізгінін өзгелерге берер емес. Олардан Есіл, Уәлиханов, Тимирязев, Шал ақын, М.Жұмабаев аудандарының диқандары да қалыспауға тырысуда.

Науқан басынан бері 2096,2 мың тонна жаңа егіннің астығы жиналды. Гектар шығымдылығы қазір орта есеппен 13,4 центнерден айналуда. Бұл көрсеткіш бойынша, сәйкес түрде 15,6, 15,5 және 15,2 центнерден өнім алып жатқан М.Жұмабаев, Қызылжар және Айыртау аудандарының егіншілері алда келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp