«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНА ФОРУМЫ – планетамыздағы тегеурінді күш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған болатын. Елбасы қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық сезінетін саясаткер ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласында өткізуді ұсынған. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушысы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана мұндай ұсыныс түсетін еді.

Кәмшат ТӨЛЕГЕНОВА,

ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің

аға ғылыми қызметкері.

Қазақстан Президентінің ойы бойынша әлем және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың зорлық-зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерін болдырмауға септігін тигізеді.  

Осы орайда, 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде ұйымдастырылған І съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.

І съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделген болатын. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді.

І съезде өркениеттер, конфессиялар, халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл қадам жасалды. Дінаралық келіссөз, қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды.

Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзінің тереңдеуі және пікірталас жүргізе білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттілігімен, бір-бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты мәселелер көтерілді.

Өткен іс-шараның жеңісі, әр 3 жылда 1 рет дінаралық форум өткізу туралы І съездің шешімімен бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ съезд хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі өтті. Осы орайда, ІІ съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

II съезд “Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік” жалпы тақырыбымен, “Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет” және “Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі” деген екі бағытта болып өтті. Форумның бірінші күні “Дінаралық келіссөз қағидаттары” қабылданды, онда съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты.

II съезд қатысушыларының баяндамаларында Қазақстан Республикасына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. ІІ съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен декларацияны қабылдады. Бұл құжатта “қақтығыстар идеологиясын” “әлем мәдениетіне” алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты.

Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезін 2009 жылы Астана қаласында өткізу шешімі қабылданып, ол 2009 жылғы 1-2 шілдеде болып өтті. ІІІ съездің жұмысына 77 елден келген, әлемнің барлық басты діндеріне қатысы бар 77 делегация атсалысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2008 жылғы 13 қарашада қабылдаған қарарына сай, съезд БҰҰ жүйесінің қатысуымен әрі техникалық жәрдемін пайдалана отырып өтті.

ІІІ съезд жұмысын үйлестіру үшін, мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты ілгерілетуді көздейтін басқа да форумдар және халықаралық ұйымдармен әрекеттестік пен ынтымақты кеңейту ниетімен Президент Назарбаев Діни көшбасшылар кеңесін құруды ұсынды.

ІІІ съездің бірінші күні “Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың рөлі” атты тақырыптың аясында отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара “Моральдық және діни құндылықтар”, “Сұхбат және ынтымақтастық”, “Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік” атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезінің айтулы оқиғасы ІІІ съезд қатысушыларының Үндеуі қабылдануы болып табылады.

2012 жылдың 30-31 мамырында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі “Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы” атты тақырыптың аясында өтті. Форумға 40 елден барлық әлемдік және дәстүрлі діндерге, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация атсалысты.

IV съезд аясында Форум институттарының қалыптасуы жалғасты. Атап айтқанда, үйлестіруші орган – Діни көшбасшылар кеңесі құрылып, оның құрамына дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері енді. Кеңес мүшелері елордадағы “Мәңгілік ел” Даңқ қақпасының маңында “Рухани жарасым” аллеясын ашып, оған көшеттер отырғызды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің пленарлық отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық толеранттылық пен сенімнің қалыптасып, нығаюына арналған G-Global порталының құрамдас бөлігі болатын Интернет ресурсын түзуді ұсынды.

Елбасы төртінші форумда сөйлеген сөзінде осыған дейін өткен съездердің әлемнің “өркениеттер қақтығысының” шыңырауына құламауына біршама септігін тигізгенін атап өткен болатын.

Шын мәнінде, осыған дейін өткен төрт съезд әртүрлі діндер мен мәдениеттерге негізделген өркениеттер мен қоғамдар қайткенде де бір-бірімен қақтығыспай қоймайды деген идеяның негізсіз екенін дәлелдеді. Мінеки, алғашқы съезд өткеннен кейінгі он жылдан бері Астанада болған барлық дінаралық форумға қатысқан діни жетекшілер диалог, өзара түсінік пен құрметтің барлық мәденидіни қауымдар мен ұлттардың жарастығы мен қауіпсіздігін, берекесі мен өзара бейбіт тіршілігін қамтамасыз ете алатын планетамыздағы тегеурінді күш екенін дүниеге паш етуде. Астанада өткен төрт съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған Үндеулер қабылданды. Бүгінгі сын – тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің жаһандануы заманында Астана форумы діндер мен өркениеттер арасындағы ғаламдық диалогты ілгерілету саласындағы ізашарлардың бірі болып, өзара түсінік пен құрмет мәдениетінің орнығуына өте үлкен үлес қосты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp