«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР БІР МӘЗ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнәр ШАЙМЕРДЕНОВА,

жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған

Соколовка мектеп-интернаты директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы түзету мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен ұжымның қызметкерлері бірлесіп “Саламаттылық – Табыстылық – Қажеттілік” тақырыбында шара өткізді. Отбасы күніне орайластырыла өткізілген спорттық шарада әр бала өз мүмкіндіктерін кеңінен көрсете алды.  

Бір отбасының балаларындай болып кеткен мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен өткізілген шарада ұжымның әрбір кішкентай мүшесі ересектер тарапынан көрсетілген қамқорлықты сезінді. Командаларға бөлінген оқушылар түрлі спорттық сайыстарда өз күштері мен ептіліктерін сынға салды, бір-біріне шынайы жанкүйер болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Баукенов, қосымша білім беру педагогі Антон Паряев, педагог-психолог Жазира Баукенова мерекелік шараның көрігін қыздыра түсті.

Special Olympics бағдарламасы аясындағы аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, мектептің атағын шығарып жүрген Олег Иванов, Евгений Писалев, Максим Куляев, ағайынды Борис пен Александр Волокитиндер барлық сайыстарда көш бастады. Мереке барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күйін сыйлаумен қатар, оларды бірлігі берік үлкен отбасына тоғыстырып, балаларға бір-біріне деген ынтымақтастық, жанашарлық, бауырластық сезімін тарту етті.  

Шара барысында тәрбиеленуші Анатолий Кононов достарына республикалық “Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығында жазды қалай көңілді өткізгені туралы әңгімелеп берді. Ол: “Балдәуренде” біз бір отбасы балаларындай тату-тәтті, қызықты да көңілді күндерді өткердік. Мынау шара маған ұнағаны соншалық, мен өзімді қайтадан лагерьдегідей сезіндім. Бұл бір ғажап, есте қалатын күн болды!” – деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp