«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЙ ДА ЖАЗДЫ, ОЙ ДА ЖАЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте Қазақстан халқы тілдерінің 15-ші фестивалі шеңберінде “Бой жазу да, ой жазу” тақырыбында ойын түрінде іс-шара өтті. Бұл шараны облыстық ведомствоның баспасөз қызметі және ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Шығармашылық сайысқа ТЖД бөлімшелерінің 60-қа тарта өкілі қатысты: облыстық аппараттың басқармалары мен бөлімдері, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі, суда құтқару қызметі.  

Қатысушылардан 5 команда құрылып, олар бірінші кезеңде өздерін таныстырып, команданың атауы мен ұранын айтты. Сөйтіп, залда “Жалын”, “Ұлан”, “Тіл жанашырлары”, “Бравые ребята”, “Водяной и К” командалары пайда болды. Әрбір топ түрлі бөлімшелерден жасақталып, департамент ұжымын одан әрі ұйымшылдандыра түсуге сеп болды.

Сайыстың екінші және үшінші турларында қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін ортаға салды. Әр тілде ән салып, қазақ және орыс тілдерінде Отан, тіл, қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы мақал-мәтелдер айтты, мемлекеттік тілде ресми құжаттарды жасап, өлең шығарды.

Әр команда жеребе тартып, ұлттық билерді биледі. Көрермендер мен жанкүйер қауым қазақ, орыс, лезгинка, сыған билерін шебер орындаған әріптестерінің өнеріне тәнті болды.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Әсет Ысмағұлов төрағалық еткен байқаудың қазылар алқасына құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы Әсия Баталова, қызмет ардагері Ораз Каршалов, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтанов кірді.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды “Тіл жанашырлары” командасы, екіншіні – “Жалын” және үшінші орынды “Ұлан” командалары бөлісті. Қатысушылар медальдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

 

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp