«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЗДЕ ДЕ СУҒА КЕТКЕНДЕР БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданындағы Богдановка ауылының жанындағы Толыбай көлінде балық аулауға шыққан 64 жастағы ер адам батып кетті. Жыл басынан бері санағанда бұл балықшылардың суға кетуінің алтыншы жағдайы.

Айыртау ауданындағы Целинное ауылының маңындағы қазаншұңқырда белгісіз себептермен 29 жастағы азамат батып кетті. Оның мүрдесін судан облыстық ТЖД-нің судан құтқару қызметінің іздеуманеврлік тобы алып шықты.

Ал Тайынша ауданының Шағалалы өзенінен судан құтқару қызметінің сүңгуіршілері іздеу жұмыстары кезінде су айдынының түбінен “ВАЗ-21099” автокөлігін тапты. Оның ішінде 30 жастағы ер адамның мүрдесі болды. Белгілі болғанындай, түн ішінде өзен бойлай келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, суға құлаған.

 

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp